“Білімім-Отаныма”

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ынталы орта мектебінде «Білімім – Отаныма» атты тақырыпта дәстүрлі «Соңғы қоңырау» салтанатты іс-шарасы аталып өтті. Мерекелік жиынға мектеп ұстаздары, ата-аналар, ауыл тұрғындары мен түлектер қатысты.

Іс-шара барысында мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілініп, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға алғыс білдірілді. Сонымен қатар оқу озаттары мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан оқушылар марапатталды.

Салтанатты кеште түлектер жүрекжарды әндерін айтып, мектеппен қоштасу вальсін биледі. Шара соңында мектеп бітіруші түлектерге сәт-сапар тілеп, жарқын болашаққа қадам басуларына ізгі тілектер айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-yntaly/press/news/details/1228380?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді