Бірінші санаттағы ӘКС

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бірінші санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын:

      мүгедектігі бар адамдарды;

      мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ананы және басқа да заңды өкілдерді;

      зейнеткерлерді және зейнеталды жастағы азаматтарды (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл ішінде);

      балалар ауылдарының тәрбиеленушілерін және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектерін – жиырма тоғыз жасқа дейін;

      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдарды – босатылғаннан кейін алпыс ай ішінде;

      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды;

      белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды;

      аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналарды және басқа да заңды өкілдерді, сондай-ақ “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр Ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды;

      наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдарды – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде;

      қандастарды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің арасында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың орташа жылдық саны алдыңғы күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша кемінде елу пайызды құраған (бірақ осындай санаттарға жататын кемінде екі адам болған), ал еңбекке ақы төлеу шығыстарында осындай санаттардың кез келгеніне (осындай санаттардың біріне немесе бірнешеуіне) жататын адамдардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстардың үлесі кемінде жиырма бес пайызды құраған жағдайда, жұмыспен қамтуға ықпал етеді (жұмыскердің әлеуметтік мәртебесі еңбек шартын жасасқан кезде белгіленеді);

     

      Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсынады:

 

       1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);

 

       2) дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу үшін өтініш жасайтын санатқа байланысты осы Қағидалардың 6 – 9-тармақтарында көрсетілген құжаттар;

      3) өтініш берушінің уәкілетті адамының өтінішке қол қою құқығын куәландыратын сенімхат (өтініш берушінің сенімхат негізінде әрекет ететін өкілі құжаттарды берген жағдайда).

     

ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарына сәйкес келетін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өтінішпен бірге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына арнаулы комиссияның қарауына:

      1) өтініш берген күнге жарамды өтініш берушінің штат кестесінің көшірмесін;

      2) ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш берушінің қызметкерлерімен жасалатын еңбек шарттарының көшірмелерін;

 

       3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша өтініш берушінің қызметкерлерін ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызуды растайтын құжаттардың көшірмелерін;

 

       4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші қызметкерлерінің саны мен жалақысы туралы мәліметтерді;

      5) ӘКС-тің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы өтініш беруші қызметкерлерінің дербес деректерін өңдеуге арналған келісімдердің көшірмелерін (дербес деректердің дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тізілімге енгізу мақсаты үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсынылатынын көрсете отырып) ұсынады.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

 

___________________________
(уәкілетті органның атауы)
___________________________
(дара кәсіпкердің немесе заңды
тұлғаның атауы) мекенжайы:
___________________________,
телефоны: _____, факс: _____,
электрондық пошта мекенжайы:
___________________________.

 

 Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны  әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің
тізіліміне енгізу туралы өтініш
______________________________________________________________
(дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      сәйкестендіру нөмірі__________________________

      (бұдан әрі – өтініш беруші) атынан сенімхатсыз әрекет етуге құқығы бар тұлға туралы мәліметтер_______________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні, көрсетілген құжатты берген органның атауы, лауазымның атауы)

      Кодтарын көрсете отырып, Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (ЭҚЖЖ) сәйкес өтініш беруші жүзеге асыратын қызмет түрлері:

      1)…;

      2)…;

      … .

       Жоғарыда баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін басшылыққа ала отырып,

      _______________________________________________________________

       (дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы)

      әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі ретінде тануды сұраймын.

      Өтініш беруші өтініште және оған қоса берілген құжаттарда өзі ұсынған мәліметтердің анық екендігіне кепілдік береді.

      “”Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларында көзделген құжаттар қоса беріледі ( _____ парақта).

      20__ ж. “___”_______________

Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның

 

 

 

 

басшысы) / уәкілетті адам

_______________

______________________________

 

 

(қолы)

(қолтаңбаның толық жазылуы)

мөр орны (бар болса)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

 

         

      Нысан

 Өтініш беруші жұмыскерлерінің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің бірінші санатына жатқызу шарттарында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың тізбесі

Азаматтар санаты

Құжаттар (тиісті негіздеме болған жағдайда ұсынылады)

Мүгедектігі бар адамдар

мүгедектікті белгілеу фактісін растайтын анықтаманың көшірмесі

Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер

баланың тууы (асырап алынуы) туралы куәліктерінің көшірмелері; мүгедектігі бар балаға қорғаншылық, қамқоршылық белгіленгенін растайтын құжаттардың (қорғаншылықты немесе қамқоршылықты жүзеге асыру туралы шарттың не қорғаншы және қамқоршы органның қорғаншыны немесе қамқоршыны тағайындау туралы актісінің) көшірмелері; мүгедектікті белгілеу фактісін растайтын анықтаманың көшірмесі (“мүгедектігі бар бала” санатын белгілеу)

Зейнеткерлер және зейнеталды жастағы алдындағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа келмегенге дейін бес жыл ішінде)

зейнетақы куәлігінің көшірмесі (бар болса)

Балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін

адасып кеткен (тастанды) баланы жеткізу туралы актінің көшірмесі; ата-ана құқықтарынан бас тарту және баланы асырап алуға келісім беру туралы хаттаманың көшірмесі; баланы денсаулық сақтау ұйымында қалдырып кету туралы актінің көшірмесі; жетім бала немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұратын білім беру, медициналық және басқа да ұйым басшысының анықтамасы

Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде

тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция қызметкерінен мінездеме; сотталғанның жеке ісі

Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарынан анықтама

Табысы аз, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналар

олардың мәртебесін растайтын құжаттар

Наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде

медициналық-әлеуметтік оңалтудың, наркологиялық және психоневрологиялық диспансердің дәрігерлік қорытындысы

Қандастар

олардың мәртебесін растайтын құжаттар

 

Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің тізілімін жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

     

      Нысан

 Өтініш беруші
______________________________________________________________
(дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауы)  Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген
халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы жұмыскерлерінің саны мен
жалақысы туралы мәліметтер 20__ж. “___” ___________ жағдай бойынша

Р/с №

Көрсеткіштің атауы

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде қызметкерлердің орташа тізімдік саны, адам

Алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде есептелген жалақы қоры, теңге

 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 79-3-бабының 1) тармақшасында көрсетілген санаттарға жататын қызметкерлер, оның ішінде

 

 

 

 

1.

мүгедектігі бар адамдар

 

 

 

 

2.

мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналар және басқа да заңды өкілдер

 

 

 

 

3.

зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар (жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа жеткенге дейін бес жыл ішінде)

 

 

 

 

4.

балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері – жиырма тоғыз жасқа дейін

 

 

 

 

5.

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар – босатылғаннан кейін он екі ай ішінде

 

 

 

 

6.

белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар

 

 

 

 

7.

аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар және басқа да заңды өкілдер, сондай-ақ “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көпбалалы аналар

 

 

 

 

8.

наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар – оңалту немесе емдеу жүргізілгеннен кейін он екі ай ішінде

 

 

 

 

9.

қандастар

 

 

 

 

10.

 Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген санаттарға жататын жұмыскерлер

 

 

 

 

         

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 79-3-бабында көрсетілген санаттарға жататын жұмыскерлердің алдыңғы күнтізбелік жыл ішіндегі жұмыскерлердің (адамның) жалпы орташа тізімдік санындағы үлесі, пайызбен – __________.

      20__ ж. “___”_______________

Дара кәсіпкер (заңды тұлғаның

 

 

 

 

басшысы) / уәкілетті адам

_______________

______________________________

 

 

(қолы)

(қолтаңбаның толық жазылуы)

мөр орны (бар болса)

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-balkhash/press/news/details/1228703?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді