
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы ұйымдастырған семинарда қазақ тілін кәсіби бағытта оқыту мәселелері кеңінен талқыланды.
Алғашқы болып сөз алған Жұпар Рысқұлқызы тілдерді оқыту орталықтарында ересектерге қазақ тілін кәсіби бағытта оқыту тәжірибесінің қалыптасу жолына, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Семинар барысында кафедра оқытушылары студенттерге кәсіби қазақ тілін оқыту тәжірибелерін ортаға салды. Атап айтқанда, ф.ғ.к., кафедраның қауымдастырылған профессоры – Қадина Жамбы Зекенқызы педагогика факультеті мамандықтарында аталған курстың қалай өткізіліп жатқанын жан-жақты таныстырды.
Сонымен қатар Теміртау индустриялық университетінің өкілі Жәния Құдайбергенқызы Қапашева өз оқу орнындағы тәжірибе негізінде ортақ мәселенің шешілу жолдары туралы баяндады.
Жиын соңында қатысушылар кәсіби қазақ тілі курсы тек орыс бөлімдері үшін ғана емес, қазақ бөлімдерінде білім алатын болашақ мамандар үшін де аса маңызды деген тоқтамға келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/1228118?lang=kk

Жауап қалдыру