
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Б. Шингисов пен аудандық мәслихат депутаты М. Абдалинов Ертіс ауылының әкімі Д. Алкенов пен мердігер ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен ауылдың кентішілік жолдарын жөндеу жұмыстарының барысына депутаттық бақылау жүргізді. Мониторинг барысында орындалатын жұмыстардың сапасы тұрғысынан мердігерлермен сындарлы диалог жасалды. Жолдарды жөндеу мәселесі олар толық аяқталғанға дейін бақылауда қалады. Депутаттық бақылау жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ertis/press/news/details/1228537?lang=ru

Жауап қалдыру