Ерейментау ауданында үлгілі сот процесі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс прокуратурасының «Рецидивтің алдын алу» жобасын іске асыру шеңберінде, Ерейментау ауданы прокуратурасы аудандық сотпен бірлесе отырып, пробация қызметінің есебінде тұрғандардың қатысуымен ашық сот отырысын өткізді.

Сот пробация қызметінің жазаны өтеу тәртібінің белгіленген талаптарын бірнеше рет бұзуға жол берген сотталған «С»-ға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

Ұсынысты қарау нәтижелері бойынша, прокурормен сотталғанға қатысты бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру қажеттілігі жөнінде қорытынды берілді.

Аудандық соттың қаулысымен сотталған «С»-қа 7 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы бас бостандығынан айыру түріндегі жазасына ауыстырылды.            Бұл процесті пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың қатысуымен ашық форматта өткізу рецидивтік қылмыстың алдын алудың және құқықтық сананы арттырудың пәрменді нысаны болып табылады.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1228791?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді