«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2026 жылға жоспарланған жобаларды іске асыру бойынша мердігер ұйымдармен меморандумға қол қою рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

26 мамыр күні Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы А. Даржанованың төрағалығымен «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2026 жылға жоспарланған жобаларды іске асыру бойынша мердігер ұйымдармен меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Іс-шараға Астана және Алматы аудандары әкімдіктерінің жауапты мамандары мен мердігер мекемесінің өкілдері қатысты.
Аталған бағдарлама аясында 2026 жылы Астана ауданында 11 жобаны, ал Алматы ауданында 22 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Кездесу барысында тараптар жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыру мәселелерін талқылап, өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы тұрғындардың ұсыныстары негізінде қаланың инфрақұрылымын жақсартуға, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/1228903?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді