ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАДАҒЫ КЕЗЕКТІ ЖЕТІСТІК!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласында спорттық самбодан кадеттер және спорт шеберлері арасында өткен Азия және Океания чемпионатында ауданымыздың мақтанышы, жерлесіміз Құрманалин Сапарбек Тілеужанұлы зор жетістікке қол жеткізді.

Сапарбек Тілеужанұлы 64 келі салмақ дәрежесінде спорт шеберлері арасында бақ сынап, боз кілемде жоғары шеберлік пен қажырлы қайрат көрсетіп, ел қоржынына қола жүлде салды!

Халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, ауданымыздың атын асқақтатқан жерлесімізді осынау үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сапарбек Тілеужанұлына алдағы уақытта да толағай табыстар, сарқылмас қуат және жаңа биіктерді бағындыруын тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1228311?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді