
📚 Жеңіс құтты болсын!
2026 жылдың 12-16 мамыр аралығында Жетісу облысы, Талдықорған қаласында өткен «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының республикалық кезеңінде «Ілияс – қарасөз шебері» номинациясы бойынша К.Салықов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Есқақ Аяулым ерекше жетістігі үшін грамотаға ие болды.
Бұл – оқушының шығармашылық қабілеті мен әдебиетке деген ерекше қызығушылығының айқын дәлелі. Аяулымның таланты мен еңбегі жоғары деңгейде бағаланып, үлкен жетістікке жол ашты.
Жетекшісі – Мухамеджанова Бикеш Сайлауовна. Ұстаздың білімі мен бағыт-бағдары шәкіртінің жеңісіне үлкен үлес қосты.
✨ Осындай биік белестерді бағындырып жүрген дарынды шәкіртімізге алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!
✨ Ұстаз еңбегі әрдайым жемісті болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1228397?lang=kk

Жауап қалдыру