Мемлекеттік қызмет әдебін сақтау, қызметтік қарым-қатынаста өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру мақсатында семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Маңғыстау облысы Әділет департаментінде мемлекеттік қызмет әдебін сақтау, қызметтік қарым-қатынаста өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру және ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту мақсатында Әкімшілік бөлімінің бас маманы Ә.Әуелбаевамен семинар өткізілді.

 

Семинар барысында қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қолсұғушылықтың, сондай-ақ кемсітушіліктің кез келген көріністеріне жол бермеу мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі кәсіби деңгейде орындау, мемлекеттік қызметшіге тән жоғары мәдениет пен жауапкершілік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.

 

Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілік пен парасаттылықты талап ететін абыройлы міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1228633?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді