Министрлік қызметкерлері спортта үздік нәтиже көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құқық қорғау органдары мен әскери бөлімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында волейболдан ведомствоаралық жарыс ұйымдастырылды. 30153 әскери бөлімі мерейтойына арналған турнирге 10 үздік команда қатысты.

Екі күнге созылған тартысты ойындар барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық үйлесімділік пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті командасы турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Сонымен қатар, жарыс барысында ерекше ойын өрнегін көрсеткен ӨСКҚ жедел кезекшісі, азаматтық қорғау майоры Нуров Т.Т. «Үздік байланыстырушы» номинациясымен марапатталды.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен жеке құрамы әріптестерін жоғары жетістіктерімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тіледі.

Маңғыстау облысы ТЖД

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1228402?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді