
2026 жылғы 25 мамырда Железин ауданының барлық 29 мектебінде 2025-2026 оқу жылы ресми түрде аяқталды. Оқу жылының қорытындысы бойынша мектептерде «Білімім – Отаныма!» атты республикалық бірыңғай сынып сағаттары мен салтанатты іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: Өскелең ұрпақты патриотизм, бірлік пен татулық, жалпыұлттық құндылықтар рухында тәрбиелеу, заң мен тәртіпті нығайту және Халықтық Конституцияның маңыздылығын насихаттау болып табылады.
Тәрбиелік мәні: Салтанатты жиындар мен сынып сағаттары барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына ерекше басымдық берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1228317?lang=ru

Жауап қалдыру