
Қала әкімдігінің бастамасымен өңірдегі білім беру ұйымдарында «Білім – Отаныма» атты салтанатты соңғы қоңырау іс-шарасы өтті.
Аталған іс-шара аясында «Шымкент қаласының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қайрат Бекбауов мектеп қабырғасын тәмамдағалы отырған түлектер мен оқушылар алдында сөз сөйлеп, оларды отансүйгіштікке, адалдыққа, парасаттылыққа және әділдікке үндеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhumyldyru/press/news/details/1228363?lang=ru

Жауап қалдыру