
Ақтау қаласының тұрғындарына жайлы орта қалыптастыру және шаһардың эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Қала аумағындағы жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес күн сайын атқарылып келеді.
Қазіргі таңда баспалдақтарды салу және қалпына келтіру, жарық бағаналарын мен спорт алаңдарын жаңарту, жаяу жүргіншілер жолдарын салу, сондай-ақ субұрқақтарды жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда.
Қаланың инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1228988?lang=ru

Жауап қалдыру