
Елді мекендердің эстетикалық келбетін жақсарту және қолайлы орта қалыптастыру мақсатында Қарақұдық ауылында көгалдандыру жұмыстары басталды. Бұл іс-шаралар Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, ауылдық округ әкімшілігі ғимаратының алдындағы аумақты абаттандыру және гүлзарлар отырғызу жұмыстары жүргізілді. Бұл шараларға ауыл әкімдігінің қызметкерлері мен қоғамдық жұмысшылар белсене қатысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде жаз бойы айналаны көркейтіп тұратын сәнді гүл көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар, алдағы уақытта егілген жасыл желектерді жүйелі түрде суару, топырақты қопсыту және күтіп-баптау шаралары тұрақты түрде қамтамасыз етіледі.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы көркейту-көгалдандыру шаралары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karakudyk/press/news/details/1228938?lang=ru

Жауап қалдыру