«Қауіпсіз балалық шақ кепілі – 2026»: Текеліде түнгі тексерулер жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жыл – «Қауіпсіз балалық шақ кепілі» аясында Текелі қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері, білім бөлімі және Жастар орталығымен бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Рейд барысында саябақтар, скверлер, кафе, бильярд клубтары және өзге де қоғамдық орындар тексеріліп, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, сауда орындарында кәмелетке толмағандарға темекі және алкоголь өнімдерін сату фактілерінің алдын алу мақсатында профилактикалық тексерулер ұйымдастырылды.
Жасөспірімдермен заң талаптарын сақтау, қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениеті және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру әңгімелері жүргізілді. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1228849?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді