Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған олимпиада

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📚 Мұғалімдер – білімнің шамшырағы!

2026 жылдың 14 мамырда Приишим орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған олимпиада жоғары деңгейде өтті. Бұл білім сайысы ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік берді. Олимпиада барысында қатысушылар екі бағыт бойынша тапсырмалар орындады:

✍️ Эссе жазу – мұғалімдер өз ойларын терең әрі көркем жеткізе отырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

📖 Оқу сауаттылығы – мәтінмен жұмыс жасау, талдау, ой қорыту дағдылары сынға түсті.

Іс-шараға қатысқан ұстаздар белсенділік танытып, жоғары дайындықпен келгендерін дәлелдеді. Әрбір қатысушы өз білім деңгейін көрсетіп қана қоймай, жаңа тәжірибе жинақтады. Осындай білім бәйгелері ұстаздардың кәсіби дамуына серпін беріп, білім сапасының артуына ықпал етеді.

👏 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

🏆 Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shalakynroo/press/news/details/1228077?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді