
22 мамыр күні Terricon Valley хабында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Васильевна Смышляевамен Қарағанды облысының IT-қоғамдастығының кездесуі өтті. Іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылып, оған IT-индустрия, бизнес, сарапшылық қоғамдастық және мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы цифрлық саланы құқықтық реттеуді жетілдіруге, инновацияларды дамытуға және IT-саланы дамыту үшін қолайлы экожүйе қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының жаңа Цифрлық кодексінің жобасы болды.
Кездесу барысында қатысушылар өңір мен елдегі ақпараттық технологияларды дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, отандық IT-әзірлеушілерді қолдау, кадрлар даярлау, жасанды интеллектті дамыту, ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері талқыланды.
IT-қоғамдастық өкілдері өз ұсыныстары мен бастамаларын ортаға салып, цифрлық жобаларды іске асыру барысында туындайтын проблемалық мәселелер мен практикалық тәжірибелерімен бөлісті. Өз кезегінде Мәжіліс депутаты заңнамалық бастамаларды әзірлеу және жетілдіру кезінде кәсіби қауымдастықпен тікелей өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу индустрия өкілдері мен заң шығарушы билік арасында сындарлы пікір алмасуға арналған тиімді алаңға айналып, өңірдің цифрлық дамуы саласындағы одан арғы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-digital/press/news/details/1228395?lang=ru

Жауап қалдыру