
«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде «Қазіргі қоғамдағы жаңа Конституцияның рөлі» атты халықаралық форум өткізілді.
Аталған іс-шараға Маңғыстау облысының Әділет департаменті, Маңғыстау облысы прокуратурасы, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, Маңғыстау облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы, Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және заң қауымдастығының өкілдері қатысты.
Маңғыстау облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары Ж.Ж.Жумин «Жаңа Конституция – еліміздің қазіргі саяси-құқықтық даму кезеңінің негізі» тақырыбында баяндама жасады.
Форумның мақсаты – Жаңа Конституцияның қоғамдағы рөлін талқылау, оның құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтық санасын арттыру, сондай-ақ заң үстемдігін нығайтуға бағытталған өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1228613?lang=ru

Жауап қалдыру