
Жеке құрамға Қостанай облысы ТЖД құрама командасының жаңа жаттықтырушысы — Батыс Қазақстан облысынан келген Анатолий Протасов таныстырылды.
Жаңа бапкер Департамент командасын алдағы жарыстар мен спорттық іс-шараларға дайындаумен айналысып, қызметкерлердің дене даярлығын дамытуға және кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған жұмыстарды атқаратын болады.
Іс-шара барысында Қостанай облысы ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Селимов Назарали Гаджимагомедович жаңа жаттықтырушыға Департаменттің құрама командасының спорттық формасын табыстап, жұмысына сәттілік, жоғары нәтижелер мен жаңа жеңістер тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1228994?lang=ru

Жауап қалдыру