Құрбан айт мерекесіy жоғары деңгейде және қауіпсіз өткізу шаралары пысықталуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында қасиетті Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде және қауіпсіз өткізу шаралары пысықталуда. 25 мамыр күні өңірлік коммуникациялар қызметінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Жиынға келесі спикерлер қатысты:

 Сағыныш Асқарұлы Жаңабай – Жетісу облысының Дін істері басқармасының басшысы;

 Керімбек Сәрсембайұлы Дәуітов – облыстың бас имамы;

 Самат Махаббатұлы Ахметов – Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Басқосу барысында мерекенің рухани маңызы, айт намазының уақыты және құрбандық шалу орындарының дайындығы сөз болды. Сонымен қатар, жазғы ыстық ауа райына байланысты мал сою орындарындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы мен ет өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Спикерлер облыс тұрғындарын мереке кезінде тәртіп пен тазалық сақтауға және тек белгіленген арнайы орындарда ғана құрбандық шалуға шақырды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy-din/press/news/details/1228214?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді