Құрбан айт құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен қалалық мәслихат депутаттары атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Құрбан айт – адамзатты мейірім мен қайырымдылыққа, бірлік пен бауырмалдыққа үндейтін ұлық мереке. Бұл күндері әр шаңыраққа береке мен ырыс, амандық пен қуаныш тілейміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, халқымыздың ынтымағы арта берсін.

Осынау қасиетті мейрамда жасаған игі істеріңіз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Әр отбасына бақ-береке, молшылық, денсаулық және шаттық тілейміз.

Құрбан айт құтты болсын!

 

Ізгі тілекпен,

Қалалық мәслихат депутаттары

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1228406?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді