Жітіқара аудандық мәслихаты депутаттарының және өз атымнан баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт — мейірімділік пен қайырымдылықтың, рухани тазалықтың мерекесі. Бұл күндер адамдарды өзара сыйластыққа, бірлік пен татулыққа үндеп, жақсылық жасауға, мұқтаж жандарға қамқор болуға шақырады.
Осынау қасиетті мереке әр шаңыраққа береке, молшылық, қуаныш пен шаттық әкелсін. Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау, жүректеріңіз мейірім мен ізгілікке толы болсын.
Ауданымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүрген барша тұрғындарға шынайы алғысымды білдіремін. Еңбектеріңізге табыс, игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.
Құрбан айт мерекесі әр үйге тыныштық, келісім және бақ-береке сыйласын!
Жітіқара аудандық
мәслихатының төрағасы Уразалинов Н.З.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1228452?lang=ru

Жауап қалдыру