Құрметті аудан тұрғындары! Ардақты жерлестер! Сіздерді қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрбан айт – адамзатты ізгілікке, мейірімділік пен жанашырлыққа үндейтін, рухани құндылықтарды дәріптейтін ұлық мереке. Бұл күндері халқымыздың бірлік пен ынтымаққа негізделген асыл дәстүрлері кеңінен насихатталып, қайырымдылық жасау, мұқтаж жандарға қолдау көрсету, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту секілді игі қасиеттер айқын көрініс табады.
Тәуелсіз еліміздің басты байлығы – қоғамдағы тұрақтылық, ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық пен өзара түсіністік. Бүгінде еліміздегі бейбітшілік пен келісім – барша азаматтардың ортақ жетістігі мен баға жетпес құндылығы. Осындай берекелі бірліктің арқасында мемлекетіміз дамып, халқымыздың әл-ауқаты артып келеді.
Қасиетті Құрбан айт мерекесі ел ішіндегі ынтымақты одан әрі нығайтып, әр шаңыраққа қуаныш пен береке әкелсін. Халқымыздың ауызбіршілігі бекем болып, елімізде әрдайым бейбіт өмір мен тұрақтылық салтанат құрсын. Жастарымыз елжанды, отаншыл болып өсіп, аға буынның өнегелі жолын жалғастыра берсін.
Осынау қасиетті мерекеде әр отбасыға зор денсаулық, бақ-береке, молшылық пен шаттық тілеймін. Ниеттеріңіз қабыл болып, дастархандарыңызға құт, үйлеріңізге бақыт пен тыныштық орнасын!
Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1228954?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді