Құрметті салық төлеушілер!
Шал ақын ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасынан мәлімет үшін.
2026 жылы салықтық шегерімдерді қолдану туралы
2026 жылдан бастап Қазақстанда азаматтардың жеке табыс салығы (ЖТС) сомасын азайтуға мүмкіндік беретін жаңартылған салықтық шегерімдер жүйесі қолданысқа енгізілді. Аталған шара жұмыс істейтін халықты қолдауға және азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған.
Салық заңнамасына сәйкес жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша салық салу объектісін анықтау кезінде бірқатар салықтық шегерімдерді қолдануға құқылы.
Салықтық шегерімдердің түрлері
1. Әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерім;
2. Базалық салықтық шегерім;
3. Әлеуметтік салықтық шегерімдер.
Әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық шегерім
Аталған шегерім түріне мыналар жатады:
– міндетті зейнетақы жарналары;
– міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;
– азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жеке тұлғалардың табысынан ұсталатын әлеуметтік аударымдар.
Базалық салықтық шегерім
Базалық салықтық шегерім әр ай үшін айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 30 еселенген мөлшеріндегі тіркелген соманы құрайды.
Бұл ретте жылдық шегерім мөлшері 360 АЕК-тен аспауға тиіс.
Әлеуметтік салықтық шегерімдер
Әлеуметтік салықтық шегерімдер азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
– жылына 5 000 АЕК — I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
– жылына 882 АЕК — III топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген тұлғаларға, жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне, сондай-ақ соғыс жылдарындағы еңбегі мен қызметі үшін КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған тұлғаларға;
– жылына 882 АЕК — мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына, қорғаншыларына, қамқоршыларына, асырап алушылары мен қабылдаушы ата-аналарына белгіленген жас және қамқоршылық мерзімі шегінде.
Шектеулер
Әлеуметтік салықтық шегерімдер:
– білім беру ұйымдарының, медициналық ұйымдардың және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарының қамқоршылық пен қорғаншылықты қажет ететін тұлғалардың қорғаншылары мен қамқоршылары болып табылатын қызметкерлеріне еңбек қатынастарына байланысты;
– асырап алынған баланың ата-анасымен некеге тұрған тұлғаларға қолданылмайды.
Әлеуметтік салықтық шегерімдер оларды ұсынуға негіз туындаған күнтізбелік жылы қолданылады.
Шегерімдерді қолдану тәртібі
Салықтық шегерімдер:
– салық агенті (жұмыс беруші) арқылы;
– егер шегерімдер салық агентімен қолданылмаған жағдайда, жеке тұлғаның өз бетінше қолдануы арқылы жүзеге асырылады.
Шал ақын ауданы бойынша МКБ салықтық шегерімдерді қолдану растайтын құжаттар болған және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіп сақталған жағдайда ғана мүмкін екенін еске салады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-shalakyn-semipol/press/news/details/1228677?lang=ru

Жауап қалдыру