
«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Маңғыстау облысы Әділет департаментінде Әкімшілік бөлімінің бас маманы А.Куватовпен қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, темекі шегудің алдын алу және зиянды әдеттердің қоғамға әсерін түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.
Іс-шара барысында темекі шегудің адам денсаулығына тигізетін зияны, оның алдын алу шаралары, сондай-ақ зиянды әдеттердің еңбек өнімділігі мен қызметтік тәртіпке кері әсері жөнінде айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты орта қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және жеке жауапкершілік мәдениетін нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.
Семинар аясында ұжымдағы құқықтық мәдениетті арттыру, қызметтік тәртіпті сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1228653?lang=ru

Жауап қалдыру