Қызылорда облыстық филармониясының концерті туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Париж, 2026 жылғы 23 мамыр – Қазақстанның Франциядағы Елшілігі Қызылорда Облысының әкімдігінің, “Sumbe” компаниясының қолдауымен Париждегі беделді дипломатиялық залдардың бірі – Cercle de l’Union Interalliée ғимаратында Қызылорда облыстық филармониясының концертін ұйымдастырды.

Іс-шара Еуропадағы отандастар мен қандастардың кездесуінің жалғасы болды. 

Қазақ музыкалық мұрасының үздік үлгілерін қамтыған бағдарлама ұсынылды. Филармония әртістері белгілі қазақ күйлерін, халық әндерін, сондай-ақ жыршы-жырау жанрындағы туындыларды орындады.

«Ай-Ару» би ансамблінің қазақ халық хореографиясының сұлулығын айшықтай ашқан өнері көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-paris/press/news/details/1228370?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді