ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТПЕН АНЫҚТАЛҒАН БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ, БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

          🔶 Мемлекеттік аудит жүйесі – бюджет қаражатының заңды әрі тиімді игерілуін қадағалайтын маңызды құралдардың бірі. Бұл жүйе тек қаржылық заңбұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу тетіктерін жетілдіруге және мекемелердің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
           🔶 Конференция жұмысына қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласының мамандары, аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, ауылдық округтер мен кент әкімдерінің өкілдері, сондай-ақ білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт саласындағы мекеме басшылары мен қаржыға жауапты қызметкерлер қатысты.
          🔶 Басқосу барысында облыстық Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің жетекшісі Б.С. Ниеталиев және облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бас маманы М.А. Құрақбаев баяндама жасап, аудит кезінде жиі кездесетін кемшіліктер мен олардың алдын алу жолдары туралы жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар жиынға қатысушылар қойған сауалдарға нақты жауаптар берілді.
          🔶 Кездесу қорытындысында қатысушылар қаржылық бақылау саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, бюджет қаражатын тиімді пайдалану бағытында өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/revkomkyzylorda/press/news/details/1228648?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді