
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратура және докторантура бағдарламаларына оқуға түсу мәселелері жан-жақты түсіндіріліп, мемлекеттік қызмет жүйесіне кадр даярлаудың негізгі бағыттары талқыланды.
Іс-шара аясында қатысушыларға қабылдау тәртібі, үміткерлерге қойылатын талаптар, білім беру бағдарламалары, оқу шарттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және мансаптық дамуына берілетін мүмкіндіктер туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, басқарушылық құзыреттерді дамыту, біліктілікті арттыру және мемлекеттік қызмет үшін заманауи кәсіби кадрларды даярлау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оқуға қабылдау, оқу процесі және Академия түлектеріне ұсынылатын мүмкіндіктер жөнінде толыққанды жауаптар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1228287?lang=ru

Жауап қалдыру