Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасында басқарма қызметкерлері, Орал қалалық және аудандық ветеринариялық станция мамандарының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында кеңес өтті.
 
Кеңеске басқарма басшысының орынбасары Н. Кусаенов төрағалық етті.
Іс-шараға БҚО әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі А. Хайруллина қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
 
Кеңес барысында қызметкерлерге:
▪️ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер
▪️ мүдделер қақтығысының алдын алу
▪️ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары
▪️ мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары жан-жақты түсіндірілді.
 
Сонымен қатар, басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылықтар және “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңына енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат берілді.
 
📍 Осындай іс-шаралар мемлекеттік қызметте ашықтықты, адалдықты және жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-veterinaria/press/news/details/1228577?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді