
25 мамыр – Соңғы қоңырау мерекесіне орай аудан мектептерінде бірқатар салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Биыл аудан бойынша 133 түлек үлкен өмірге қадам басты. Оның ішінде 17 оқушы – «Алтын белгіге» үміткер, ал 2 оқушы – «Үздік аттестатқа» үміткер. 9 сыныпты 206 оқушы тәмәмдады.
1-11 сыныптарда “Білімім – Отаныма”, “Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары” тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.
Салтанатты шара барысында білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға құрмет көрсетіліп, шәкірттердің жүрекжарды алғыстары айтылды. Биылғы түлектер үшін соңғы қоңырау – балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басар маңызды сәтке айналды.
Мерекелік кештерде әсем ән шырқалып, мектеп вальсі биленіп, оқушылардың шығармашылық өнерлері көпшілікке ұсынылды. Сонымен қатар, оқу жылы қорытындыланып, үздік оқушылар марапатталды.
Жас түлектерге ақ жол тілеп, армандары асқақ, болашақтары жарқын болсын дейміз! Әрбір қадамдары сәттілік пен жетістікке толы болғай!
https://www.instagram.com/reel/DYw0g-yD6sV/?utm_source=ig_web_copy_link
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/1228041?lang=ru

Жауап қалдыру