Тамақ өнімдеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі – халық денсаулығын қорғаудағы негізгі бағыттардың бірі. Осыған байланысты Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) аумағында азық-түлік өнімдеріне қатысты бірқатар техникалық регламенттер қабылданған. Бұл құжаттар өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және барлық мүше мемлекеттер үшін міндетті болып табылады.

 

Негізгі құжаттардың бірі Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР) 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы». Бұл регламент тамақ өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде сақталуы тиіс жалпы талаптарды белгілейді. Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған арнайы регламенттер де бар:

 

– КО ТР 022/2011 «Тамақ өнімі оны таңбалау бөлігінде» өнім туралы тұтынушыға толық әрі дұрыс ақпарат беруді талап етеді;

 

– КО ТР 033/2013 «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» сүт өнімдерінің сапасы мен құрамына қойылатын талаптарды анықтайды;

 

– КО ТР 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ет өнімдерін өндіру мен өңдеу талаптарын реттейді;

 

– КО ТР 023/2011 «Жеміс-көкөніс өнімдерінің шырындарына қойылатын талаптар туралы» – шырын өнімдерінің сапа стандарттарын белгілейді.

 

Аталған КО ТР талаптарына сәйкес тамақ өнімдері келесі негізгі критерийлерге сай болуы тиіс:

 

  • санитариялық-гигиеналық қауіпсіздік: өнім адам денсаулығына зиян келтірмеуі қажет;

 

  • химиялық қауіпсіздік: пестицидтер, ауыр металдар және басқа зиянды заттар рұқсат етілген шектен аспауы тиіс;

 

  • микробиологиялық қауіпсіздік: патогенді микроорганизмдердің болмауы немесе нормадан аспауы;

 

  • сақтау және тасымалдау шарттары: өнімнің бұзылуын болдырмау үшін тиісті температуралық режимдер сақталуы қажет;

 

  • таңбалау талаптары: өнімнің құрамы, жарамдылық мерзімі, өндіруші туралы ақпарат міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

 

Тамақ өнімдері міндетті түрде сәйкестікті бағалау рәсімінен өтеді. Бұл рәсім өнім түріне байланысты сәйкестік декларациясы немесе сертификат түрінде жүзеге асырылады. Өнім аккредиттелген зертханаларда тексеріліп, нормативтік талаптарға сәйкестігі дәлелденеді.

 

Сәйкестігі расталғаннан кейін өнімге ЕАЭО-ның бірыңғай айналым белгісі – EAC таңбасы қойылады. Бұл белгі өнімнің одақ аумағында еркін сатылуына мүмкіндік береді.

 

Тамақ өнімдеріне қатысты КО ТР талаптарын сақтау өндірушілер мен жеткізушілер үшін міндетті. Бұл нормалар халықтың денсаулығын қорғауға және нарықтағы өнім сапасын арттыруға бағытталған.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1228496?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді