«Тегін заң көмегі» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, сондай-ақ шалғай елді мекен тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Маңғыстау облысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы қызметкерлеріне арналған «Тегін заң көмегі» акциясы ұйымдастырылды.

 

Іс-шара аясында қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Кездесу барысында Маңғыстау облысының заң қауымдастығы өкілдері азаматтарды толғандырған құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріп, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар ұсынды. Сонымен қатар, заң көмегін алу тәртібі, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1228672?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді