
Тәртіп сақшылары облыс аумағындағы республикалық маңызы бар тасжолдар мен елдімекендерде рейдтік-профилактикалық жұмыстарды жүргізіп, жүргізушілер арасында түсіндіру шараларын күшейтті.
Іс-шараның сегіз тәулігінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 6 мыңнан астам дерегін анықтады. Сонымен қатар 692 автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.
Қазіргі таңда “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізушілер тәртібін бақылау және азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1228888?lang=ru

Жауап қалдыру