
Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Республикасына Еңбегі сіңген жаттықтырушы, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» Нәдірқұлов Кеңес Пәзілұлының жүлдесіне арналған 2012–2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бокстан VII республикалық турнир басталды.
Дәстүрлі спорттық дода 25–29 мамыр күндері Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде өтеді. Жарысқа еліміздің әр өңірлерінен және Қырғыз Республикасынан келген 200-ден аса жас былғары қолғап шебері қатысуда.
Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, спортшыларға жеңіс жолында табандылық пен жоғары нәтиже тіледі.
Бес күнге жалғасатын жарыс барысында қатысушылар алдын ала, жартылай финалдық және ақтық жекпе-жектерде бақ сынайды. Турнирдің қорытындысы бойынша үздік спортшылар арнайы марапатқа ие болмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1228024?lang=kk

Жауап қалдыру