
Сайрам аудандық мәслихатының бюджет, экономика, ауылшаруашылығы және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бүгінгі өткен отырысында аудан аумағындағы Қарамұрт ауылдық округінің Низамабад елді мекенінде орналасқан карьерде және Қарабұлақ ауылдық округіндегі «Таза ауыл» ШЖҚ МКК тиесілі қоқыс полигонына анықталған мұнай шламы (нефтешлам) өнімінен тазарту мәселесі жан-жақты талқыланып, қаралды.
Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың депутаттары мәслихат төрағасы Ш.Халмурадовтың қолдауымен Қарамұрт ауылдық округінде орналасқан қоқыс полигоны аумағында жүргізіліп жатқан тазарту жұмысының жай-күйімен танысып қайтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-sairam/press/news/details/1228683?lang=kk

Жауап қалдыру