
Заңсыз айналымнан бір келідей синтетикалық есірткі тәркіленді: ШҚО-да интернет-дүкеннің есірткі тасымалдаушылары ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-дүкен арқылы есірткі заттарын заңсыз таратумен айналысқан екі адамның қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында басқа өңірлерден келген 34 жастағы әйел және 22 жастағы ер адам ұсталды. Олар қылмыстық схемада тыйым салынған заттарды өлшеп-қаптаушы және тасымалдаушы қызметін атқарған.
Күдіктілер мінген автокөлікті тексеру кезінде есірткі заттары салынған орамдар, сондай-ақ оларды өлшеп-қаптауға және буып-түюге арналған құралдар табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттардың қатарында жалпы салмағы шамамен 900 грамм болатын синтетикалық «α-PVP» есірткісі және 100 грамға жуық мефедрон болған. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір келіге жеткен.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті есірткінің заңсыз айналымына (тасымалдау, өлшеп-қаптау, жасырын орындарға қою және т.б.) қатысу ауыр қылмыс болып табылатынын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1228910?lang=ru

Жауап қалдыру