ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН КҮШЕЙТІЛГЕН ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН КҮШЕЙТІЛГЕН ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

 Арықбалық ауылдық округінде аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың тапсырмасына сәйкес жасөспірімдердің қауіпсіздігіне, түрлі құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған күшейтілген рейд жұмыстары жүргізілуде.

  Ауылдық учаскелік полиция инспекторы, мектеп басшылары мен ерікті ұстаздар әкімшілік қызметкерлері жиналып, рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында көшелер бақылауға алынып, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру деректері, қоғамдық тәртіптің сақталуы және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері назарға алынды.

Мектеп бітіруші түлектерге байланысты рұқсат етілмеген мерекелік жиындардың, түнгі серуендердің және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кәсіпкерлік нысан иелеріне, ата-аналарға профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта округ аумағында күнделікті жалғасын табатын болады.

Құрметті ата-аналар!

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-aryqbalyq/press/news/details/1228720?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді