
Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары қала сыртындағы сауықтыру ұйымдарының басшылары мен медицина қызметкерлеріне, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының және оның аумақтық бөлімдерінің жазғы сауықтыру науқанын ұйымдастыруға жауапты мамандарына облыстық семинар ұйымдастырды. Семинар жұмысына Жамбыл облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы, балалардың тамақтануын ұйымдастыру қызметтерін көрсетуге жауапты кәсіпкерлер, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары қатысты.
Департаменттің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің басшысы Ж. Ширяева қатысушыларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № 78 бұйрығына сәйкес балаларды сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен таныстырды. Семинар барысында сумен жабдықтау, су бұру, жарықтандыру, желдету, үй-жайларды күтіп ұстау және пайдалану, қызметкерлердің өмір сүру жағдайлары мен еңбек жағдайлары кезіндегі сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы түсініктемелер берді. Тексеру мәселелері, сондай-ақ ерекше бақылаудағы объектілер үшін өндірістік бақылау жүргізу бойынша негізгі өзгерістер түсіндірілді.
«Балаларды сауықтыру объектілерінде тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында дәрісті Департаменттің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің бас маманы Д.Еркебаланова, ал санитариялық-эпидемиологиялық жағдай асқынған кездегі қажетті шаралар және алғашқы кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету кезіндегі іс-шараларды жүргізу туралы Департаменттің білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау бөлімінің бас маманы С.Алишева оқыды.
Департаменттің коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Г.Омарова сумен жабдықтау мен кәрізге қойылатын негізгі талаптармен таныстырды.
Семинарға қатысушылар жұқпалы аурулардың таралуындағы және тамақтан уланудың пайда болуындағы тағамдық фактордың рөлі туралы Департаменттің тамақтану объектілерін бақылау бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Б. Саматтың баяндамасын және инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу шаралары және Қырым – Конго геморрагиялық қызбасының алдын алу жөніндегі іс-шаралар туралы Департаменттің аса қауіпті инфекцияларды және туберкулезді бақылау бөлімінің бас маманы А.Карекина мен инфекциялық және паразитарлық ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Н. Тасжурекованың баяндамаларын тыңдады.
Жазғы сауықтыру ұйымдарының медицина қызметкерлері медициналық пункттерді жабдықтауға, медициналық құжаттаманы жүргізуге қойылатын негізгі талаптармен, медицина қызметкерлерінің міндеттерімен және дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастырумен танысты. Осы мәселелер бойынша Департаменттің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің бас маманы Г. Несипбаева сөз сөйледі.
Семинар қорытындысы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету және сауықтыру ұйымдарында профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу бойынша ұсыныстар берілді, көрнекі материалдар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1228857?lang=ru

Жауап қалдыру