
Жуырда ел Астанасында мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев руханият пен мәдениеттің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар мемлекеттік наградамен марапаттады.
Оның ішінде Шет ауданы Ақсу – Аюлы ауылының тумасы, белгілі журналист, танымал блогер, документалист Әлия Әшім «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Әлия Әшім – өзінің журналистика саласынан бөлек, көпшілікке өткен тарихи құндылықтарымызды әсерлі видеолар мен заманауи жаңа контенттер арқылы дәріптеп жүрген блогер ретінде аса танымал.
Осы орайда, жерлесімізді жоғары мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтаймыз!
Әрдайым абыройыңыз асқақтап, беделіңіз биіктей берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1228308?lang=ru

Жауап қалдыру