Жетісу облысында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аудару мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы бойынша өңіраралық қоныс аударушыларды қабылдаудың белгіленген квотасы аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударуға ниет білдіруші азаматтарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылады. Аталған шара барысында Солтүстік Қазақстан облысынан келген жұмыс берушілер тұрғындарға өңірдегі бос жұмыс орындары, еңбек жағдайлары, тұрғын үймен қамтамасыз ету және мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде кеңінен ақпарат береді.

Кездесу барысында қатысушылар көшу тәртібі, субсидиялар мен әлеуметтік жеңілдіктер, жұмыспен қамту мүмкіндіктері бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады. Сонымен қатар, азаматтарға жаңа өңірге бейімделу және тұрақты жұмысқа орналасу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Іс-шара 2026 жылғы 1–3 маусым аралығында Жетісу облысының аудан-қалаларында жүзеге асырылады. Барлық ниет білдіруші азаматтарды белсенді қатысуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-social-employment/press/news/details/1228470?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді