БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа жыл – жүректерге үміт ұялататын, әр шаңыраққа шаттық сыйлайтын мереке. Осы жарқын мереке қарсаңында Нұра ауданы Мұзбел ауылындағы Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде дәстүрлі жаңа жылдық шырша іс-шарасы өтті.

Мерекелік іс-шара балаларға жаңа жылдық қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл күй қалыптастырып, ертегідей ұмытылмас әсер қалдырды. Кеш барысында балаларға арналған жаңа жылдық шырша безендіріліп,балалар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, концерттік номерлер көрсетті.

Барша ауыл тұрғындарын және өскелең ұрпақты Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңадан енетін Жылқы жылы елімізді жарылқап, тек жақсылығымен келсін! Жаңа жыл әр отбасына береке-бірлік, амандық пен молшылық әкелсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-muzbel/press/news/details/1229048?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді