
Қадірлі Целиноград ауданының ардақты тұрғындары!
Сіздерді барша мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – жүректерге жылу сыйлап, адамзатты мейірім мен кешірімге, қайырымдылық пен жанашырлыққа бастайтын ұлы рухани құндылықтардың мерекесі. Бұл күндері әр шаңырақта береке орнап, ақ дастархан жайылып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, мұқтажға қол ұшын созу – халқымыздың асыл дәстүріне айналған игі амалдар жаңғыра түседі. Осындай ізгі істер қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтып, ортақ ынтымағымызды бекемдейді.
Осынау қасиетті мереке әр отбасыға шаттық пен береке, ырыс пен молшылық, ең бастысы – амандық пен тыныштық әкелсін. Жүректеріңіз мейірімге, шаңырақтарыңыз қуаныш пен жылулыққа толы болсын.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, тәуелсіз Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуі жалғаса берсін!
Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!
Аудан әкімі Дарын Сабырғали
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1229109?lang=ru

Жауап қалдыру