Инклюзивті білім: университет кітапханасы көру қабілеті бұзылған студенттерге қолжетімді болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Инклюзивті білім: университет кітапханасы көру қабілеті бұзылған студенттерге қолжетімді болды

Қозыбаев университетінің кітапханасында көру қабілеті бұзылған студенттерге арналған арнайы оқу құрылғысы орнатылды. Заманауи технология баспа мәтіндерін, кітаптар мен құжаттарды өз бетінше оқып, оқу материалдарын еркін меңгеруге мүмкіндік береді.

Құрылғының жұмыс істеу жүйесі қарапайым әрі ыңғайлы: кіріктірілген камера немесе сканер мәтінді түсіріп, арнайы бағдарлама баспа таңбаларын таниды. Одан кейін мәтін дыбыстық форматқа ауысып, динамик немесе құлаққап арқылы оқылады. Мұндай технология студенттердің ақпаратқа қолжетімділігін арттырып қана қоймай, олардың академиялық және әлеуметтік ортаға бейімделуіне де ықпал етеді.

«Жаңа жабдық университетте қолжетімді әрі инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында сатып алынды. Құрылғы студенттерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қоса алғанда 20-дан астам тілдегі оқу және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік береді», – деді кітапхана директоры Әсия Ермишева.

Қазіргі таңда университетте көру қабілеті бұзылған 16 студент білім алады.

«Бұл құрылғы студенттердің кітапхана ресурстарын пайдалану мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Олар енді баспа басылымдарымен, оқу материалдарымен және түрлі құжаттармен өз бетінше жұмыс істей алады. Бұл ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттердің сапалы білім алуына оң әсер етеді», – деп атап өтті Қозыбаев университетінің Инклюзивті білім беру орталығының басшысы Ақжан Карим.

Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін кітапханада Брайль қарпімен басылған әдебиеттер, кітаптардың аудио нұсқалары және цифрланған басылымдар қолжетімді.

Университет кітапхана кеңістігін жаңғырту мен заманауи инклюзивті технологияларды енгізу арқылы қолжетімді білім беру ортасын дамытуға басымдық береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1229105?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді