
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Нұра ауданы Мұзбел ауылдық мәдениет үйінде «Арулар – асыл жандар!» атты мерекелік концерттік іс-шара өткізілді..
Іс-шара барысында әйел-аналардың қоғамдағы орны, олардың отбасы мен ел өміріндегі маңызды рөлі атап өтіліп, жүрекжарды жылы лебіздер білдірілді.
Кештің концерттік бағдарламасында М. Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің оқушылары ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Жас өнерпаздардың орындауындағы әсем әндер мен әсерлі билер көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекелік кештің көркін аша түсті!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-muzbel/press/news/details/1229051?lang=ru

Жауап қалдыру