
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-11-бабына сәйкес 2026 жылдың 24 мамырында өткен ауыл әкімдерінің сайлауының қорытындысы бойынша Мұзбел ауылының әкімі болып Сәлімжанова Қарлығаш Ғалымтайқызы сайланды.
Қарлығаш Ғалымтайқызы 1981 жылғы 15 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданының Кертінді ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Шахтинск қаласындағы №16 қазақ орта мектебінде бастаған. Әр жылдары білім және мәдениет салаларында түрлі қызметтер атқарып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, шығармашылық жұмыстар ұйымдастырушысы, мәдениет үйлерінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Сайлануға дейін Шахтинск қаласы әкімдігінің «Бастау» оқу-әдістемелік орталығында ұйымдастырушы-әдіскер болып еңбек етті.
Аудан әкімі Бақытжан Мұқанов ауыл тұрғындарымен кездесіп, жаңадан сайланған әкімді ресми түрде таныстырды. Кездесу барысында аудан басшысы жаңа әкімге сенім білдіріп, алдағы жұмысына табыс, ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік тіледі. Сондай-ақ ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk-muzbel/press/news/details/1229079?lang=ru

Жауап қалдыру