109-БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Облысымызда «109-Бірыңғай байланыс орталығы» жобасы жүзеге асырылып келе жатқандығын назарыңызға саламыз.
109-Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің негізгі бағыттары Алматы облысының тұрғындары мен қонақтарының өтініштерін қабылдау, орын алған инциденттерді, аварияларды шешу кезінде коммуналдық және жедел қызметтердің жұмысын үйлестіру, инциденттердің уақтылы орындалуын бақылау, құқық бұзушылық инциденттерін анықтау және өңдеу болып табылады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, жолдарды жөндеу, тыныштық режимін бұзу туралы өтініштеріңізді, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, сауда және кәсіпкерлік мәселелері бойынша сұрақтарыңызды iKomek байланыс орталығындағы WhatsApp мессенджері арқылы қалдыра аласыз.
iKomek сіздің өтінішіңізді тиісті мекемелерге жеткізіп қана қоймай, мәселенің шешімі табылғанға дейін оны өз бақылауында ұстайды.
Өтініш беру кезінде хабарлаушының аты-жөнін, байланыс деректерін, өтінім мазмұнын, уақыты мен күнін, нақты мекенжайын және болған жағдайда фото/видео материалдарын көрсету сұралады.
❗𝐢𝐊𝐨𝐦𝐞𝐤 𝟏𝟎𝟗 бірыңғай байланыс орталығы енді WhatsApp мессенджерінде. Тұрғындардың өтініші тәулік бойына +𝟕-𝟕71-710-9109 нөмірі арқылы қабылданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-karasay/press/news/details/1229385?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді