
2026 жылы ауқымды жол жұмыстары жалғасуда
2026 жылғы жол-құрылыс маусымы басталғалы бері Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жəне орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Биылғы маусымның басты ерекшелігі – жол төсемінің негізінен бастап үстіңгі қабатына дейінгі конструктивті қабаттарды кезең-кезеңімен төсеуге баса мəн берілуінде. Бұл болашақ автожолдардың сапасы мен ұзақ жылдар бойы шыдас беруінің басты кепілі болмақ, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
2026 жылы күрделі жөндеу аясында 25 нысан бойынша жалпы 321 км автомобиль жолдары қамтылды, олардың 19-ы өткен жылдан өтпелі, ал алтауы – жаңа нысандар. Маусым басынан бері негізгі жұмыстар жол жамылғысының конструктивтік қабаттарын салуға шоғырланған.
Жоспарланып, орындалған жұмыстар аясында 231 км-де негіздің төменгі қабаты, 190 км-де негіздің жоғарғы қабаты, 230 км-де жабынның төменгі қабаты және 78 км-де жабынның жоғарғы қабаты салу жұмыстары атқарылып жатыр.
Сонымен қатар ағымдағы жылы 124 нысан құрамында 69 өтпелі және 55 жаңа учаскені қамтитын жалпы 3,7 мың км автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары жалғасады.
Бұл жұмыстар шеңберінде де негізгі көлем жол жамылғысының конструктивтік қабаттарын салуға тиесілі: маусым басынан бері жоспарланып, негіз қабатын салу жұмыстары жүргізілуде – 1,1 мың км-де, жабынның төменгі қабаты – 1,8 мың км-де, ал жабынның жоғарғы қабаты – 2,4 мың км-де орындалуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-aktogay/press/news/details/1229410?lang=ru

Жауап қалдыру