
Биыл ақтөбелік түлектер саналы таңдау жасап, жауапкершілік пен адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Өңірдегі 244 мектептің оқушылары мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда өткізуден бас тартып, қарапайым әрі мазмұнды форматты таңдады.
Сонымен қатар, 95 мектептің түлектері мерекелік іс-шараларға жиналған қаражатты қайырымдылық мақсатқа бағыттау туралы шешім қабылдады.
Бұл – жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін, айналасына жанашырлық танытып, игі іске ұмтылысын айқын көрсететін өнегелі қадам.
Түлектердің бұл бастамасы – бүгінгі жас буынның тек болашақ туралы армандап қана қоймай, қоғамды жақсы жаққа өзгертуге өз үлесін қосып жатқанын дәлелдейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1229486?lang=ru

Жауап қалдыру