
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасына қарасты «Казталов аудандық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК директорының міндетін атқарушы лауазымына Аманжол Баянгалиевич Кажыгалиев тағайындалды.
Аманжол Баянгалиевич 1985 жылғы 14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Әжібай ауылында дүниеге келген.
2008 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Ветеринариялық санитария» мамандығы бойынша, ал 2014 жылы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы ретінде бастаған. Әр жылдары мемлекеттік қызметте түрлі жауапты қызметтер атқарып, аталған тағайындауға дейін Казталов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-veterinaria/press/news/details/1229350?lang=ru

Жауап қалдыру