КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ МУЗЕЙІНДЕ СЕЙДУЛЛА АДЫРШАЕВҚА АРНАЛҒАН ЕСІМ БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қалалық музейінде қоғам және мемлекет қайраткері, ел ағасы Сейдулла Адыршаевты еске алуға арналған есім бұрышының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, марқұмның ағайын-туыстары, достары және қала тұрғындары қатысты.

Сейдулла Адыршаев 1946 жылы Кентау өңірінде дүниеге келген. Еңбек жолын жастайынан бастап, өндіріс саласында абыройлы қызмет атқарған. Қазақ химия-технология институты мен Ташкент политехникалық институтында білім алып, түрлі жауапты қызметтерде еңбек етті. Әр жылдары өндіріс, құрылыс және әлеуметтік салада басшылық қызметтер атқарып, ел дамуына өзіндік үлесін қосты. Сондай-ақ, білім саласында да қызмет етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлген.

Жиын барысында Сейдулла Адыршаевтың ел дамуына қосқан еңбегі, өнегелі өмір жолы айтылып, тағылымды естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, «Өндірістен өріс тапқан ер тұлға» атты кітаптың тұсаукесері өтіп, рухына тағзым жасалды.

Шараның мақсаты – елге адал қызмет еткен азаматтың өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, еңбегін ұлықтау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1229210?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді